Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот шешімі қашан шығатыны белгілі болды

/
Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот шешімі қашан шығатыны белгілі болды
Скриншот

Бүгін Алматы облысында актер әрі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызының ар-намысына тиетін сөздер айтып, әлеуметтік желіде ол туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты деген айып тағылып отыр.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мұхаммедтің айтуынша, келесі әрі соңғы сот отырысы 14 қыркүйекке белгіленген. Ол отырыста жарыссөз өтіп, тараптар өз ұстанымдарын білдіреді.

«14 қыркүйек – соңғы сот отырысы. Жарыссөз өтеді. Бүгін сот отырысы жабық түрде өтеді деп айтылған болатын. Соңғы сот отырысында бәрі әділ әрі жан-жақты қаралады деп ойлаймын.

Адвокат ретінде сот отырысының жабық өтуін қолдамаймын. Себебі журналистер тарапынан қандай да бір қателік көрген жоқпын», – деді қорғаушы Руслан Өтепбайға берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызына қатысты жазбалары қызу талқыланған еді. Желі қолданушылары актердің бұрынғы әйеліне қатысты айтқан сөздеріне наразылық білдірді.

Іс бойынша түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары