Қазақстан ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында Франция құрамасын жеңді.
Шпагамен семсерлесуден сынға түскен отандастарымыз қарсыластарын 45:40 есебімен ұтып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.
Енді ұлттық құрама жарыстың алтын жүлдесі үшін Ресей құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңген болатын.