БҚО-да полицей бір отбасыны өрттен құтқарып қалды

/
БҚО-да полицей бір отбасыны өрттен құтқарып қалды
Polisia.kz

1 қыркүйекке қараған түні Батыс Қазақстан облысына қарасты Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбай Нұрмұханов әдеттегідей ауылдағы есепте тұрған тұлғаларды тексеру және қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында түнгі аралауға шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауыл тұрғындары шырт ұйқыда, төңірек жым-жырт. Түнгі сағат 04:30 шамасында полиция капитаны үйлердің бірінің ауласынан көкке көтерілген қою түтінді байқап қалады. Ойлануға уақыттың жоқ екенін түсінген Нұрлыбай бірден оқиға орнына қарай ұмтылады. Үймен жанамаланып салынған мал қораның өртеніп жатқанын және жалынның тұрғын үйге қарай таралып бара жатқанын көреді. Ол үй тұрғындарын оятып, бала-шағасымен бірге қауіпсіз жерге шығарады. Өрт сөндірушілер келгенше үй иелерімен бірге қорадағы малдарды шығарып, жалынды құммен ауыздықтап, өрттің үйге өтуіне жол бермейді.

— Нұрлыбай келіп оятпағанда, бала-шағамызбен не боларымызды білмеймін. Отбасымызбен оған алғыс айтамыз, — дейді үй иесі Есқали Мұратов.

Осылайша полиция қызметкерінің дер кезінде жасаған әрекетінің арқасында бір отбасы тілсіз жаудан аман қалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары