«Бернли» Англия чемпионатының екінші деңгейлі лигасы – Чемпионшиптің төртінші турында өз алаңында «Мидлсбромен» тең ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бернлидегі «Терф Мур» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің 23-минутында Эйден Моррис қонақтар сапынан есеп ашты. Екінші таймның 54-минутында Юго Рагубер «Бернлидің» жауабын беріп, есепті теңестірді.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев матчты негізгі құрамда бастады. Ол 80 минут алаңда болып, жанкүйерлердің қошеметімен ойыннан шықты.
Сәтпаев кездесуде қақпаға екі рет соққы бағыттаған. Ол 18 пас беріп, оның 17-сі дәл болған.
Матч қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаев «Бернли» құрамындағы үздік ойыншы атанды.