Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Kurs.kz мәліметіне сілтеме жасаған ақпарат көздері, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елордадағы айырбастау орындарында доллар 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 501,97 теңге, сату бағамы – 512 теңге.
Рубль 5,20 теңгеден сатып алынып, 5,40 теңгеден сатылса, юаньның сатып алу бағамы 66,49 теңге, сату бағамы 70,47 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451,25 теңгеден сатып алынып, 453,29 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы сатып алғанда 506,11 теңге, сатқанда 510,40 теңге деңгейінде қалыптасты.
Ал рубль 5,24–5,36 теңге аралығында саудаланып жатыр. Юаньның бағамы 67,50–70,11 теңге аралығында.
Айта кетейік, айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қалаға және нақты айырбастау орнына қарай өзгеруі мүмкін.