Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)

/
Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)
Фото: Qarmet

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Олардың бірқатарының кәсіби жолы кен өндіру және өнеркәсіп саласымен байланысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Арман Қалықов шахтада жер астындағы кен жұмысшысы болса, Алмат Әбдікешов еңбек жолын Анненский кенішінде шәкірт болып бастаған. Сұңғат Есімханов электр энергетикасы мен көмір өнеркәсібі салаларына жетекшілік етсе, Вадим Басин Qarmet компаниясын басқарған.

Депутаттар еңбек қауіпсіздігі, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және еңбек адамын құрметтеудің маңызын атап өтті. Кеншілерге қауіпсіз еңбек, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары