Жамбылда шетелдік әнші есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды

/
Жамбылда шетелдік әнші есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды
Әлеуметтік желіден

Жамбыл облысында есірткі контрабандасы күдігімен шетелдік әнші ұсталды.

13 қазанда "Қордай" шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, сахналық лақап аты NAVAI ретінде белгілі шетелдік азаматты ұстады.

"Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары