Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

/
Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
istockphoto

Қазақстанның бірқатар аймағында бүгін, 15 қазанда, қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қатты жел, тұман, көктайғақ пен шаңды дауыл болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, Жетісу, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ал Жетісу облысының Алакөл көлдері маңында жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейіп, кейде 30 м/с-тан асуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.

Абай облысында көктайғақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашынның күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау мен Атырау облыстарында да қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болжанады.

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Осыған байланысты тұрғындарға ауа райы болжамын ескеріп, жолда және ашық аумақта сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары