Әйел адам сегізінші рет кесарь тілігі арқылы босанды

/
Әйел адам сегізінші рет кесарь тілігі арқылы босанды
depositphotos.com

Италияның Верона қаласында әйел сегізінші рет кесарь тілігі арқылы босанып, дені сау қызды дүниеге әкелді. Сәби Борго-Тренто ауруханасында туған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ANSA басылымының жазуынша, Кристина есімді әйел алғаш рет 2000 жылы жүкті болған. Содан бері ол сегіз баланы өмірге әкелген. Аурухана мәліметінше, оның барлық жүктілігі табиғи жолмен өткен, алайда босанудың әрқайсысы кесарь тілігі арқылы аяқталған. Мұның нақты себебі жарияланбаған.

Төртінші жүктілігінен бастап Кристина Верона ауруханасының акушерлік және гинекология бөлімінің директоры Валентино Бергаминидің бақылауында болған.

Сегізінші ота да Бергамини бастаған дәрігерлер мен хирургтер тобының қатысуымен жасалды.

Мамандар көптеген тыртықтарға байланысты асқыну қаупін азайту және бұрынғы тігістердің сөгілуіне жол бермеу үшін жаңа тілікті алдыңғы операциялар жасалған аумақтан жүргізген.

Нәтижесінде ота сәтті аяқталып, ана мен сәби аман-есен қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары