Эр-Рияд әуежайына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады

/
Эр-Рияд әуежайына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады
Фото: REUTERS

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы әуежайда ұшақ зақымданып, бірнеше халықаралық әуе компаниясы рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Reuters және Associated Press агенттіктерінің мәліметінше, Saudi Arabian Airlines (Saudia) әуе компаниясына тиесілі ұшақ әуежай аумағында зақымданған. Оқиғаның нақты себептері мен келтірілген шығын көлемі әзірге толық нақтыланбаған.

Йемендегі хуситтер Эр-Рияд әуежайына баллистикалық зымыранмен соққы жасағанын мәлімдеген. Алайда бұл мәлімдеме тәуелсіз дереккөздер арқылы толық расталмаған.

Оқиғадан кейін бірқатар халықаралық әуе компаниясы Эр-Риядқа қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатқан. Олардың қатарында Lufthansa, Air India, IndiGo және Akasa Air бар.

Әуежайдағы жағдайға байланысты рейстердің кестесі өзгеруі мүмкін. Жолаушыларға ұшар алдында әуе компанияларынан рейстердің мәртебесін нақтылау ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары