50 лотерея билетін сатып алған ер ада 50 рет қатарынан ұтқан

/
50 лотерея билетін сатып алған ер ада 50 рет қатарынан ұтқан
UPI | License Photo

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын ер адам лотереядан ерекше жолмен қомақты жүлде ұтып алды. Ол бірдей сандық комбинациямен 50 билет сатып алып, нәтижесінде барлық билет бойынша жеңіске жеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

UPI мәліметінше, ер адам бірден 50 бірдей билет сатып алуға ішкі түйсігі себеп болғанын айтқан.

"Өзімді жолы болғыш адамдай сезіндім", – деді ол.

Нәтижесінде оның таңдаған комбинациясы ұтысты болып шығып, 50 билеттің әрқайсысы жүлде әкелген.

Жалпы ұтыс сомасы 250 мың долларды, яғни шамамен 111,8 миллион теңгені құрады.

Ер адам барлық билетке бір ғана сандық комбинацияны қойған. Сол комбинацияның сәтті түсуі арқасында ол бір сәтте 50 рет жеңімпаз атанған.

Алайда қомақты жүлдеге қарамастан, ер адам дәл осы сандарды енді қайта қолдануды жоспарламайтынын айтқан.

Оның сөзінше, бір рет жолы болғанымен, дәл сондай жағдайдың тағы қайталанатынына сенбейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар