Ақтауда 20 жастағы бойжеткен есірткі таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

/
Ақтауда 20 жастағы бойжеткен есірткі таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды
istockphoto.com

Алматыдан Ақтауға келген 20 жастағы бойжеткен Telegram арқылы есірткіні «тығын» (закладка) тәсілімен таратуды көздеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық әрекеті дер кезінде әшкереленіп, оның жанынан синтетикалық психотроптық заттардың 27 орамы тәркіленді. 

Ақтау қалалық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. 

Telegram арқылы «оңай табыс», «курьер» немесе «закладка» сияқты жұмыс ұсынатын хабарламалар - ақша табудың жолы емес, қылмыстық жауаптылыққа апаратын жол. 

Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз!

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары