22 тамызда Астана қаласында The Summit Esports (TSE) ұйымдастырған Counter-Strike 2 бойынша екінші әйелдер турнирі — Astana Queens Cup II өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Турнирге VIXEN, Valkyrja, Delight, Tri2x, Vipers және MISSCLIX командаларының құрамында барлығы 30 қыз қатысты.
Жарыс Colizeum Premium компьютерлік клубында өтті. Командалар алдымен топтық кезеңде бақ сынап, оның қорытындысы бойынша үздік командалар жүлделі орындар үшін күресті жалғастырды.
I орын - Valkyrja командасы
II орын - VIXEN командасы
III орын - MISSCLIX командасы
Astana Queens Cup турнирі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы турнир 2026 жылдың маусым айында өтіп, оған да 30 қатысушы қатысты. Жоба әйелдер киберспорт қауымдастығын дамытуға және Counter-Strike 2 ойынына қызығушылық танытатын қыздар үшін тұрақты жарыс алаңын қалыптастыруға бағытталған.
Екінші турнирдің өткізілуіне демеушілер қолдау көрсетті: «Invictus Girl» фитнес-клубы, «AVON» халықаралық косметикалық компаниясы, әйелдер гигиенасы мен күтіміне арналған өнімдер бренді «EVA», «Sundar Yoga» йога студиясы, «BodyPro» дене бітімін түзету студиясы, «Colizeum Premium» компьютерлік клубы және «Salvare» заң фирмасы.
Қатысушылар Astana Queens Cup II турнирін қолдаған компаниялар мен брендтерден сыйлықтар және арнайы жүлделер алды.
Турнирдің ұйымдастырушысы — The Summit Esports (TSE).
Ұйымдастырушы және БАҚ үшін байланыс: Азамат Божак +7 702 798 57 68