Досымен бәстескен: Алматыда ер адам сұлулық салонының әйнегін сындырды

/
Досымен бәстескен: Алматыда ер адам сұлулық салонының әйнегін сындырды
istockphoto

Алматыда досымен бәстесіп, сұлулық салонының әйнегін сындырған ер адам жауапқа тартылды. Полицияға Медеу ауданының тұрғындарынан хабарлама түскен.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам салонның сыртқы әйнегін сындырып, ішке кіріп кеткен.

Полиция күдіктіні сол жерде ұстады. Ер адамның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.

Ал бұл әрекетке не себеп болғанын сұрағанда, ол досымен "әйнекті сындырып, салонға кіре аламын" деп бәстескенін айтқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары