Қытайда Silk Way Star шоуының екінші маусымы басталды

/
Қытайда Silk Way Star шоуының екінші маусымы басталды
istockphoto.com

Қытайдың Иу қаласында халықаралық Silk Way Star шоуының екінші маусымы ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жобаның түсірілім жұмыстарын Қытайдың ұлттық телеарнасы CCTV жүргізіп жатыр.

Ауқымды телевизиялық жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузияның өнерпаздары бақ сынайды.

Қазақстан атынан байқауға әнші Рухия Байдукенова қатысып жатыр.

Айта кетейік, Silk Way Star — шетелде жүзеге асырылып жатқан алғашқы қазақстандық мәдени-медиалық жоба.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары