Жетісуда дрондардардың көмегімен 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

/
Жетісуда дрондардардың көмегімен 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
polisia.kz

Патрульдік полицияның негізгі міндеттерінің бірі – жолдағы жағдайды бақылау және жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заманауи технологиялар полиция қызметкерлеріне жол қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дрондар құқық бұзушылықтарды әуеден анықтап, жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін дер кезінде тоқтатуға көмектеседі.

Жыл басынан бері дрондардың көмегімен 2 204 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 124 факті қарсы бағыттағы жолаққа шығуға, 255 факті қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты болса, 211 жағдайда көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану дерегі тіркелген.

Мұндай құқық бұзушылықтардың әрқайсысы ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Қарсы бағыттағы жолаққа шығу маңдайдан соқтығысуға себеп болса, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану жүргізушінің назарын жолдан бөледі. Ал қауіпсіздік белдігін тақпау жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр жарақат алу қаупін арттырады.

Патрульдік полицияның басты міндеті – құқық бұзушылықтарды анықтап, жауапкершілікке тарту ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірін сақтау. Жолдағы қауіпсіздік қозғалысқа қатысушыларға деген құрметтен және әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары