Мемлекет басшысы Тойли Курбановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

/
Мемлекет басшысы Тойли Курбановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы волонтерлікті дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстанның волонтерлік бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін Тойли Курбановқа ризашылығын білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар