Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Даубаба ауылының маңында өтуі қиын жерде екі жеңіл автокөлік балшыққа батып қалды.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, арнайы техниканың көмегімен көліктерді жолдың жүретін бөлігіне шығарды.
Көліктерде болған 8 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
ТЖМ төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.