Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды

/
Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды
pixabay.com

Қостанай облысының Лисаковск қаласында 71 жастағы әйел көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап, көз жұмды, деп turkystan.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай 16 тамызда қаланың 4-шағынауданында болған. Оқиға туралы ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Белгілі болғандай, егде жастағы әйел төртінші қабаттағы терезеден құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан ол қаза тапқан.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

«Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр және бақылауда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Әзірге әйелдің қандай жағдайда терезеден құлағаны және оқиғаға не себеп болғаны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар