Екі аяғынан айырылып қалған ер адам дәрігерлердің арқасында 20 айдан кейін қайта жүріп кетті

/
Екі аяғынан айырылып қалған ер адам дәрігерлердің арқасында 20 айдан кейін қайта жүріп кетті
pexels.com

Қытайда хирургтер ауыр өндірістік жарақаттан кейін екі аяғынан жамбас тұсынан бастап толықтай зақымданған 51 жастағы ер адамға күрделі операция жасап, аяқтарын сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Басылым мәліметінше, бұл – осындай ауыр жарақаттан кейін науқастың қайта жүре бастаған әлемдегі алғашқы жағдайлардың бірі.

Цзян есімді ер адам 2024 жылғы 2 желтоқсанда Қытайдың Сучжоу қаласында өндірісте ауыр жарақат алған. Апат салдарынан оның екі аяғы да жамбас аймағынан бастап қатты зақымданған.

Науқас Сучжоу ортопедиялық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер аяқтарын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған. Күрделі операция шамамен сегіз сағатқа созылған.

Ота барысында хирургтер сүйектерді, қан тамырларын, жүйкелерді және басқа да зақымданған тіндерді қалпына келтірген. Бұл ретте донорлық аяқ қолданылмаған, дәрігерлер науқастың өз аяқтарын сақтап қалуға тырысқан.

Алайда емдеу бір операциямен аяқталмады. Оңалту кезеңінде науқаста невроз пайда болып, оған тағы бірнеше хирургиялық араласу қажет болған.

Сондай-ақ сүйектердің бітісуінде қиындықтар туындағандықтан, дәрігерлер сүйек пластикасын жасап, екі сан сүйегінің ішкі бекітілуін түзеткен.

Жарақат алғаннан кейін 20 ай өткен соң ер адам қайтадан жүре алатын деңгейге жетті. Қазір ол қозғалу үшін балдақ пен басқа да тірек құралдарын пайдаланады.

Соған қарамастан, науқас күнделікті тұрмыстық жұмыстарын өздігінен атқара алады. Оның аяқтарындағы сезімталдық та біртіндеп қалпына келіп, тобықтан жоғары аймаққа дейін жеткен.

Дәрігерлер науқастың еміндегі ең қауіпті кезең артта қалғанын айтады. Енді негізгі назар оның әрі қарайғы оңалуына аударылып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар