«Барлығыңызды құшақтадым»: Әнші Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жағдайын айтты

/
«Барлығыңызды құшақтадым»: Әнші Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жағдайын айтты
Әлеуметтік желіден

«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жағдайын көрсетті. Өнер иесі оған медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдіріп, жанкүйерлеріне ақжолтай тілектері үшін ризашылығын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадағы суретін жариялады. Кадрдан оның дәрігерлермен бірге түскені көрінеді.

«Менің тілегімді тілеп, жанын шүберекке түйген пенделерін "Алла" мейіріміне бөлесін! Бір-бірімен ақылдасып, ота­ның жақсы шығуына үлес қосқан үш емханаға алғысым шексіз! Қазақтарда білікті маман жетеді!» – деп жазды Кенжебек

Жанәбілов.
Сондай-ақ әнші өзіне қолдау көрсеткен барша жанашырына алғысын айтып, «Барлықтарыңызды құшақтадым!» деп жазба қалдырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар