Доллар бағасы тағы да түсті

/
Доллар бағасы тағы да түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) валюта нарығы құралдары бойынша сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464,02 теңгені құрап, 1,02 теңгеге төмендеді. Қазақстан Ұлттық банкінің 14 тамызға белгілеген ресми бағамы – 465,08 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 461,04 теңгеден сатып алып, 468,04 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 532,03 теңгеден сатып алуға, 542,03 теңгеден сатуға болады. Ресей рублін 5,17 теңгеден сатып алып, 5,47 теңгеден сатып жатыр.

Алматыда АҚШ валютасын орта есеппен 463,59 теңгеден сатып алып, 467,5 теңгеден сатып жатыр. Еуроның бағамы 532,97–538,11 теңге аралығында болса, рубль 5,31–5,46 теңге аралығында саудалануда.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 463,96 теңгеден сатып алып, 465,96 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 535,0–539,07 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады. Ал рубльдің бағамы 5,29–5,37 теңге шамасында.

13 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 465,08 теңгені құрап, 0,05 теңгеге төмендеген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар