Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы америкалық Кори Гауффты үш сетте де жеңді.
Алғашқы кезеңде Гауфф басым түсіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Алайда қалған екі сетте Рыбакина 6:2, 6:2 есебімен басымдық танытып, финал жолдамасын иеленді.
Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.