"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын жария етті

/
"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын жария етті
ашық дереккөзден

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылық жолындағы жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан жаңа телехикаяға шақырту алған. Мөлдір Мұқан бұл ұсынысты қуана қабылдағанын жеткізді.

Жаңа жобада ол Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды. Телехикаяда дәрігерлердің еңбегі, олардың қоғамдағы орны және ақ халатты абзал жандардың күнделікті қызметі кеңінен көрсетілмек.

"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін.

Бұл – мен үшін өмірімдегі, өнер жолымдағы ерекше жаңалығымен келген жоба болды. Шақырту келгенде өте үлкен қуанышқа бөленіп, маған сондай сенім артқанына қуанғаным рас. Бұл жерде менің сомдайтын рөлім – Ерлан мырзаның жұбайымын. Кино туралы айтатын болсақ, үлкен тақырып қозғалады. Ақ халатты абзал жандар… Ол кісілердің жұмысы көзге көрінбейді. Дегенмен де түрлі сынақ түсіп, осындай дерттерге ұшырап алған уақытта ол кісілердің қадірін түсініп жатамыз. Сол жүкті кино арқылы елге жеткізіп жатқан осы ұлттық арнаға және киноның барлық мүшелеріне алғысымды білдіргім келеді", – деді Мөлдір Мұқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар