Жолаушыларды межелі жерге жеткізгеннен кейін жүргізуші келіншек көлігінен ақша салынған сөмкенің жоғалып кеткенін байқаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға түнгі сағат екілер шамасында болған. Жүргізуші кезекті тапсырысты қабылдап, көлігіне қыз бен жас жігітті отырғызған. Сапар кезінде жолаушы қыз жүргізушінің көңілі бөлінген сәтті пайдаланып, қол тірегіштің астында тұрған ақша салынған сөмкені алып кеткен деген болжам бар. Осыдан кейін жолаушылар жолақысын төлеп, екі мың теңге беріп, көліктен түсіп кеткен.
«Полиция қызметкерлері аталған жолаушыларды анықтады. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.