«Кінәлілер әділ жазасын алады»: 13 жастағы баланың өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

/
«Кінәлілер әділ жазасын алады»: 13 жастағы баланың өліміне қатысты іс сотқа жіберілді
istockphoto

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Маңғыстау облысында 13 жасар баланың көз жұмуына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен Ақтау қаласының №2 қалалық емханасында медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталған.

"Тексеру қорытындысы бойынша облыстық балалар ауруханасының директоры атқарып отырған қызметінен босатылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді", - деп жазды Әлназарова желідегі парақшасында.

Ол көз жұмған баланың анасын Астанада қабылдайтынын атап өтті.

"Бұл – отбасы үшін орны толмас қасірет. Кінәлілер әділ жазасын алады", - деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау тұрғыны 13 жастағы ұлының дер кезінде диагноз қойылмауы салдарынан көз жұмғанын айтып, істің әділ тергелуін талап еткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары