Астанаға 380 қоғамдық көлік жеткізіледі

Астанаға 380 қоғамдық көлік жеткізіледі

Астанаға 380 қоғамдық көлік жеткізіледі
ашық дереккөзі
Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев қаланы аралауды қоғамдық көліктің жұмысынан бастады. Қала басшысы бірінші кезекте Астана қаласындағы Диспетчерлеу орталығына барды. Аталған орталық қоғамдық көлік қозғалысын басқарумен айналысады, яғни, автобустың желіге шығуын, кестені орындауын және автобустардың бекітілген бағдарды ұстануын қадағалайды. Орталық қызметкерлері елорда басшысына қоғамдық көліктің қозғалысын шынайы уақыт режимінде бақылауға арналған экранды көрсетті. Әкім орталық қызметкерлеріне Астана тұрғындарының қалалық автобустардың жұмысына қатысты көтеретін мәселелері мен проблемаларды жеткізді. Осыдан кейін шаһар басшысы №1 қалалық автопаркке ат басын бұрып, кәсіпорынның, Аstana LRT, қалалық қоғамдық көлік басқармасының басшылығымен және полиция қызметінің қызметкерлерімен кеңес өткізді. Әсет Исекешев жаңа автобустардың жеткізілімдерін қысқа мерзімде қамтамасыз етуді тапсырды. Ескі көлікті жаңасына ауыстыру қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта қалалық автопарктерге 28 автобус жеткізілген. 2017 жылдың 1 маусымына дейін Астанаға 380 жаңа жайлы қоғамдық көлік жеткізілуге тиіс. «Тұрғындарға ыңғайлы және жайлы – қоғамдық көліктің басымдықты белгілері осы. Сол себепті кезек күттірмей автобустардағы кондиционерлердің жұмысын ретке келтіруді тапсырамын. Мұндай техникалық ақаулар болмауы тиіс», – деді Ә. Исекешев. Сондай-ақ, қоғамдық көлікке билет сату жайы да сөз болды. Әкім көптеген тұрғындар өздеріне билеттерді (жартылай жыртып) бұзушылықтармен сататынына шағымданған. Осыған байланысты Әсет Исекешев жағдайдың мән-жайын анықтап, бұзушыларды жазалауды тапсырды. Қаланы аралап шыққан соң Әсет Исекешев қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту және алға қойылған міндеттерді орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.