Американың 14-штатында эвтаназияға рұқсат берілді

/
Американың 14-штатында эвтаназияға рұқсат берілді
istockphoto.com

Нью-Йорк эвтаназияға рұқсат берген АҚШ-тың 14-штатына айналды. Заң қазірдің өзінде күшіне енді және осы мүмкіндікті пайдаланғысы келетін пациенттерге бірқатар қатаң талаптарды көздейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚазАқпарат мәліметінше, АҚШ-тың Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул өмір сүру ұзақтығы алты айдан аспайды деп болжанған, жазылмайтын дертке шалдыққан науқастарға эвтаназия жасауға рұқсат беретін заңға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, өмірден өз еркімен кету үшін арнайы медициналық препараттарды сұрату құқығы жазылмайтын ауруы ресми расталған, есі дұрыс және тағайындалған дәріні өз бетінше қабылдай алатын, кәмелетке толған штат тұрғындарына берілді.

Заң бірқатар міндетті талаптарды белгілейді. Атап айтқанда, пациент Нью-Йорк штатында тұрақты тұруы және психикалық жағдайына тексеруден өтуі тиіс. Басылымның мәліметінше, бұл заң АҚШ-та қолданыстағы осындай нормативтік актілердің ішіндегі ең қатаңдарының бірі саналады.

Заң күшіне енгеннен кейін Нью-Йорк эвтаназияны заңдастырған АҚШ-тың 14-штатына айналды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары