Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады?

/
Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады?
istockphoto.com

Қазақстанда соңғы бір аптада бір грамм алтынның бағасы төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, 6 тамыз таңындағы жағдай бойынша бір грамм алтынның құны 61 444,62 теңгені құрайды.

Бір апта бұрын, яғни 30 шілдеде, бағалы металдың бір граммы 61 889,33 теңге тұрған. Осылайша, бір апта ішінде алтынның бағасы 444,71 теңгеге төмендеді.

Бұған дейін Қазақстанның 2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша орталық банктер арасындағы алтынды ең көп сатып алған бес елдің қатарына енгені хабарланған болатын.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметіне сәйкес, осы кезеңде Қазақстан Ұлттық банкі алтын қорын 15 тоннаға ұлғайтқан.

Жалпы алғанда, сәуір мен маусым аралығында әлемнің орталық банктері шамамен 289 тонна алтын сатып алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға көп. Дүниежүзілік алтын кеңесі сұраныстың артуын геосаяси тұрақсыздықпен, тоқсан ішінде бағалы металдың арзандауымен және елдердің халықаралық резервтерін әртараптандыруға ұмтылуымен түсіндірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары