Алматыда 4 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

/
Алматыда 4 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қалада құрылыс саласындағы бақылауды күшейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бақылау шараларының қорытындысы бойынша төрт құрылыс компаниясының лицензиясы кері қайтарылды, тағы 350 компанияның лицензиясының қолданылуы уақытша тоқтатылды. Жалпы құрылыс саласында жұмыс істейтін 437 субъектіге қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізетін мердігер ұйымдарға ерекше назар аударылды. Жобалау қызметіне берілген І санаттағы мемлекеттік лицензиясынан «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС айырылды. Сондай-ақ «Отау-Құрмет» ЖШС мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЕҰ лицензияларынан айырылса, «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясының бір қосалқы түрінен айырылды.

Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына белгіленген талапты қатаң сақтайтын және құрылыс сапасын қамтамасыз ете алатын компаниялар ғана жіберіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар