Грекияда 24 жастағы қазақстандық 125 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық Трикала қаласында жазасын өтеп жатыр. Ол Грекия сотының шешімімен ауыр қылмыс санатына жататын мигранттарды заңсыз тасымалдау бабы бойынша сотталған. Сонымен қатар оған 1 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған.
Сотталушының анасының айтуынша, ұлы әлеуметтік желіде Түркиядағы жұмыс туралы хабарландыруға жауап берген. Онда туристерді моторлы қайықпен серуендету жұмысы ұсынылған. Алайда оның ұлы мигранттарды тасымалдады деген айыпқа іліккен. Сондай-ақ тергеу барысында аудармашы болмаған.
Салдарынан ұлы жаза мерзімін ұлғайтамыз деген қоқан-лоқының әсерімен құжаттарға қол қоюға мәжбүр болған.
СІМ хабарлауынша, қазақстандыққа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.