"Асыға күтемін": Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне сүйінші жаңалығын айтты

/
"Асыға күтемін": Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне сүйінші жаңалығын айтты
Sn.kz коллажы

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы әлемдік турына дайындық қызу жүріп жатқанын айтып, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотосуреттерін жариялап, көрермендерімен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

"Турға дайындық қызу жүріп жатыр. Сіздермен кездесуді асыға күтемін, қымбаттыларым!" – деп жазды Димаш.

Бұған дейін әнші Қарағандыда өткен концерттен кейін жаңа әлемдік тур басталғанға дейін сахналық үзіліс жасайтынын хабарлаған еді. Осы уақыт аралығында ол ауқымды концерттік бағдарламаға дайындық жүргізбек.

Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік туры қазан айында басталады.

Сонымен қатар әнші әлеуметтік желіде жаңа фотосессиясынан кадрлар жариялады. Оның жаңа образы шетелдік жанкүйерлерінің де назарын аударып, көпшілік алдағы концерттерді асыға күтетінін жазған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар