"Бауырымдай болған қазақ елі": Қырғыз журналисі Қазақстаннан сыйға алған көлігін көрсетті

/
"Бауырымдай болған қазақ елі": Қырғыз журналисі Қазақстаннан сыйға алған көлігін көрсетті
bairaqmadia.kz коллажы

Көшпенділер ойындары кезінде Қазақстанға ерекше құрмет көрсеткен қырғыз журналисі Айзада Жамгырчиеваға Көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров көлік сыйлады. Журналист жаңа темір тұлпарын әлеуметтік желіде көрсетіп, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айзада Жамгырчиева Instagram парақшасында көліктің видеосын жариялап, қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

Журналист сыйлықтың өзі үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтіп, қазақ пен қырғыз халқының бауырластығы туралы жазды.

"Кейде бір сыйлықтың артында мың сөзге татитын мән жатады. Бауырымдай болған қазақ елі, бүгін сендер, мені жай ғана қуантқан жоқсыңдар – жүрегімді жылыттыңдар. Уәделеріңде тұрып, көрсеткен құрметтерің үшін шын жүрегімнен алғыс айтамын! Қырғыз бен қазақты шекара бөлгенімен, жүрегімізді ештеңе ажырата алмайды. Тарихымыз тамырлас, тіліміз үндес, көңіліміз бір. Қазақ еліне үлкен рақмет! Бұл жақсылықтарың өздеріңе мың еселеп қайтсын! Қазақ-қырғыз бауырластығы мәңгі жасасын Достығымыз берік, ынтымағымыз мәңгі болсын!" – деп жазды.

Айзада Жамгырчиева Көшпенділер ойындары кезінде Қазақстанға қолдау білдіріп, қазақ-қырғыз арасындағы достықты ерекше атап өткен болатын. Осыдан кейін Айдарбек Қожаназаров оған көлік сыйлайтынын айтқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар