Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға кетті

/
Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға кетті
pexels.com

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде балықшылар мінген қайық аударылып, екі адам із-түссіз жоғалды. Қазір құтқарушылар оларды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

КТК телеарнасының жазуынша, оқиға Тұғыл ауылдық округі аумағында болған. Үш азамат балық аулау үшін көлге шыққан кезде қатты дауыл соғып, қайық төңкеріліп кеткен.

Жергілікті тұрғындар 58 жастағы балықшыны жағаға аман алып шыққан. Ал оның жанында болған 58 және 31 жастағы екі адам суға кеткен.

Құтқарушылардың мәліметінше, балықшылардың үстінде құтқару кеудешесі болмаған.

Іздеу жұмыстарына қайықтар, су асты дроны, эхолот және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

"ТЖД жедел штаб құрды. Қайық, су асты дроны, эхолот және дронмен іздеп жатыр. Күн райының қолайсыздығы қиындық тудырып жатыр", – деді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Тұрсынғалиев.

Іздеу-құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына қарамастан жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар