Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге 2026 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдығына арналған салық есептілігін уақтылы тапсыру қажеттігін еске салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Салық төлеушілер 2026 жылғы 17 тамызға дейін салық декларацияларын тапсырып, есептелген салықтарды Салық кодексінде белгіленген мерзімдерде төлеуі қажет.
Бастапқыда есептілікті тапсырудың соңғы күні 15 тамыз болып белгіленген. Алайда бұл күн сенбіге сәйкес келгендіктен, мерзім 17 тамызға, дүйсенбіге ауыстырылды.
Мемлекеттік кірістер органдары есептілікті уақтылы тапсыру мен салықтарды уақытында төлеу айыппұлдар мен заңнамада көзделген өзге де шаралардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ведомствоның мәліметінше, салық түсімдері мектептер мен ауруханаларды қаржыландыруға, жол салу және жөндеу жұмыстарына, әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Салық төлеушілерге салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындау ұсынылды.