Қазақстан Халық партиясы Қонаевта балалар ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді

/
Қазақстан Халық партиясы Қонаевта балалар ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясының Алматы облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Кездесу соңында Қазақстан Халық партиясының өкілдері медицина саласы қызметкерлерімен пікір алмасудың маңыздылығын атап өтіп, айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар