«Ауыл» партиясының өкілдері Жамбыл облысында жастармен пікір алмасты

/
«Ауыл» партиясының өкілдері Жамбыл облысында жастармен пікір алмасты
Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясының өкілдері Аринов Свамбай, Нұрғабылов Мұрат, Серікбаев Ермекбай және Тоқболат Сейілхан Жамбыл облысының Жуалы аудандық мәдениет үйінде жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, елдің қоғамдық-саяси дамуы, жұмыспен қамту, білім беру және кәсіпкерлікті дамытуға қатысты бастамалар жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. «Ауыл» партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында жастар көтерген ұсыныстар мен пікірлер талқыланып, «Ауыл» партиясының өкілдері оларды назарға алатынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар