ҚХП Жезқазғанда жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады

/
ҚХП Жезқазғанда жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Бүгін Қазақстан Халық партиясының Ұлытау облыстық сайлауалды штабының мүшелері Жезқазған қаласындағы «Ютария-ЛТД» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, отандық өндірісті дамыту, жұмыспен қамтуға қолайлы жағдай жасау және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, сала мен өңірдің дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қазақстан Халық партиясының өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің назарға алынатынын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Халық партиясының өкілдері «Ютария-ЛТД» ЖШС ұжымына белсенді қатысқаны және сындарлы пікір алмасқаны үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар