Медеу мен Шымбұлаққа кіру тәртібі өзгереді

/
Медеу мен Шымбұлаққа кіру тәртібі өзгереді
istockphoto.com

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары «Медеу» және «Шымбұлақ» ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдер жұмыс күндері аумаққа кіре алады, ал демалыс және мереке күндері оларға да шектеу қолданылады.

Бұл өзгерістер 2026 жылы 12 маусымдағы Конституциялық Соттың қаулысына байланысты енгізіліп отыр. Оған сәйкес, мұндай шектеулер мәслихаттың құзыретіне жатады және тұрғындардың құқығы ескерілуге тиіс.

Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – аумақтағы көлік жүктемесін азайтып, табиғи ортаны қорғау. Бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында 179 мыңнан астам көлік өткені тіркелген.

Жаңа тәртіпте аумақта тұратын тұрғындарға, сондай-ақ жедел, коммуналдық және арнайы қызмет көліктеріне қатысты ерекшеліктер қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар