«Ауыл» партиясының Павлодар облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттары таныстырылып, оның басты бастамалары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылармен ашық пікір алмасу өтті.
Қызметкерлер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, қызмет саласына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. «Ауыл» партиясының өкілдері көтерілген сұрақтар бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірулер беріп, айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. «Ауыл» партиясы еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулер өткізу арқылы азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеруге басымдық беретінін атап өтті.