Тамыздан бастап темекінің бағасы қымбаттады

/
Тамыздан бастап темекінің бағасы қымбаттады
istockphoto.com

Қаржы министрі 22 шілдедегі бұйрығымен сүзгілі және сүзгісіз темекілердің, папиростардың, сигариллалардың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжатқа сәйкес, 20 дана сүзгілі және сүзгісіз темекінің, папиростардың, сигариллалардың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы:

  • 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін – 1 060 теңге болып белгіленді. (Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі баға 970 теңге болған.)

Сонымен қатар құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1 120 теңгеге дейін көтерілетіні көзделген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар