Бірлік – елдіктің басты тірегі

/
Бірлік – елдіктің басты тірегі

Қазақстан – жүзден астам этнос пен түрлі мәдениеттің өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекет. Бұл – тарихтың талай сына­ғынан өткен халқымыздың өзара құрметі мен сый­ластығының, келісім мен ынтымағының же­місі. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан қо­ғамдық келісім мен ұлттық бірлік еліміздің тұрақ­тылығы мен дамуының басты кепіліне айнал­ды.

Алдағы Құрылтай сайлауы – ел өміріндегі маңыз­ды саяси науқанның бірі. Мұндай кезеңдерде қоғам­да­ғы ауызбіршілік пен жауапкершіліктің маңызы бұ­рынғыдан да арта түседі. Себебі кез келген саяси үде­рістің басты мақсаты – халықтың мүддесіне қыз­мет етіп, мемлекетіміздің дамуына үлес қосу. Ол үшін әр азамат заңды құрметтеп, қоғамдық келісімді сақ­тауға және ортақ құндылықтарды бағалауға ұмтыл­ғаны маңызды.
Қазақстанның басты байлығы – табиғи ресурс­тары ғана емес, ең алдымен адамдар арасындағы татулық пен өзара сенім. Әр ұлттың тіліне, мәде­ниетіне, дәстүріне құрметпен қарау – біздің қоғамның қалыптасқан өмір салты. Осындай сыйластықтың арқасында елімізде түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында еңбек етіп, білім алып, кәсіп ашып, балаларын өсіріп, ортақ болашақты бірге құрып келеді.
Береке-бірлік күнделікті өмірдегі қарапайым қарым-қатынастан, бір-бірімізге деген сыйластықтан, қиын сәтте қолдау көрсете білуден басталады. Ынтымақ бар жерде түсіністік болады, ал түсіністік бар жерде даму мен өркендеуге жол ашылады. Сон­дықтан қоғамдағы тұрақтылықты сақтау – мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі.
Бүгінгі әлемдегі күрделі геосаяси және эконо­ми­калық өзгерістер әрбір елдің ішкі бірлігінің қанша­лықты маңызды екенін көрсетіп отыр. 
Қандай саяси науқан өтсе де, ең бастысы – елдің тыныштығы мен қоғамның тұтастығы. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан халық қана кез келген қиын­дықты еңсеріп, жаңа белестерді бағындыра алады. Сон­дықтан халықтар достығын, өзара құрмет пен келі­сімді сақтау – бүгінгі ұрпақ пен келешек буын ал­дындағы да маңызды міндет.
Елдің ертеңі – бірлікте. Ынтымағы жарасқан, татулығы мығым қоғам ғана тұрақты дамып, жарқын болашаққа нық қадам басады. Қазақстанның күш-қуаты да, берекесі де – оның көпұлтты халқының өзара сенімі мен достығында. Біздің қоғам – зайырлы қоғам. Ұлтаралық келісім – біздің баға жетпес бай­лығымыз.
 

Тілеубек ТҰРЫСБАЕВ, 
зейнеткер

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар