Ермұрат Бапи: Стратегиялық бастамалар – нақты істерге ұласуға тиіс

/
Ермұрат Бапи: Стратегиялық бастамалар – нақты істерге ұласуға тиіс

Биылғы Президент Жолдауының басты ерекшелігі – қазіргі геосаяси ахуал мен ел алдында тұрған сын-қатерлердің ашық айтылуы. Әлемдік тәртіп пен халықаралық қатынастар өзгеріп жатқан кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық тұрақтылығын сақтау мәселелері ерекше маңызға ие.

Мемлекет басшысының Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдыру жөніндегі бастамасы экономикалық өсімге серпін беретін маңызды бағыттардың бірі деп есептеймін. Тарихта инфрақұрылымдық жобалар арқылы экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру тәжірибесі бар. Сол сияқты елімізде жол, тұрғын үй, өндірістік және энергетикалық нысандар құрылысын дамыту жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бюджет қаражатының шектеулігі, әлеуметтік міндеттемелердің ауқымдылығы және электр энергиясының тапшылығы сияқты мәселелерді де ескеруіміз қажет. Сондықтан инвестиция тарту, энергетикалық қауіпсіздікті күшейту және ірі жобалардың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін міндеттер.

Бұл ретте Құрылтай Жолдауда бел­гіленген бастамалардың заң­на­ма­лық негізін қалыптастыруға ат­са­лысуы тиіс.

Ал Халық Кеңесінің мүшесі ретінде біздің басты міндетіміз – осы бастамалардың жүзеге асырылуына қоғамның белсенді қа­тысуын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту деп санаймын. Әсіресе, инфрақұрылымдық жобаларға бөлінген қара­жаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын, сыбайлас жемқ­ор­лық тәуекелдерінің алдын алуды және қабылданған шешім­дер­дің ашықтығын назарда ұстау маңызды.

Ең бастысы, Жолдауда айтылған міндеттер нақты істермен жал­ғасып, оның нәтижесін әрбір азамат сезінуі тиіс. Ол үшін мем­лекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеп, ортақ жауапкершілік та­нытуы қажет.

Ермұрат БАПИ,
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар