2025 жылдың соңына қарай Дубай халқының саны 4,58 миллион адамға жетті. Бір жыл ішінде тұрғындар саны шамамен 332 мың адамға немесе 7,5 пайызға өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халық санының 7,5 пайыздық өсімі Дубай тарихындағы ең жоғары өсім көрсеткіштерінің бірі болды.
Жұмыс істеу немесе туристік мақсатпен уақытша келетін адамдарды қоса есептегенде, күндізгі уақытта эмираттағы адамдардың орташа саны 6,392 миллионға жетеді.
Бұл мәліметтер халық санағын жүргізу және демографиялық өсімді нақты уақыт режимінде бақылау жобасы бекітілген кезде жарияланды.
Халық санының артуы Дубай экономикасының қарқынды дамуын көрсетеді. 2025 жылы эмираттың нақты жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 5,4 пайызға өсті. Осы кезеңде Дубайға 19,6 миллион шетелдік турист келген, ал әуежайларының жолаушылар ағыны шамамен 96 миллион адамды құрады.
Күн сайын Дубайға басқа эмираттар мен шетелдерден көптеген жұмысшылар мен келушілер келеді. Қарбалас уақытта қаладағы адамдар саны 6,392 миллионға дейін артады. Олардың 1,812 миллионы жұмыс істеу, оқу, демалу немесе сауда жасау мақсатында уақытша келетіндер.
Бұл деректер көлік және инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үй құрылысын, білім беру мекемелерін, медициналық ұйымдарды және мемлекеттік қызметтерді жоспарлау кезінде ескерілетін болады.