«Қатты өкінемін»: Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

/
«Қатты өкінемін»: Данияр Елеусінов бостандыққа шықты
Скриншот

Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов 20 тәулікке созылған әкімшілік қамаудан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

28 шілде күні кешке әкімшілік қамауға алынғандарды ұстайтын арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында спортшыны жұбайы мен достары қарсы алды.

– Оқиғаға қатысты... болған жағдай болды, өздеріңіз де көрдіңіздер. Бұл үшін қатты өкінемін, – деді Данияр Елеусінов Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Осыдан кейін боксшы өзін күтіп алған жақындарының сүйемелдеуімен көлікке отырып, кетіп қалды.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 9 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін ұсталған еді. Астана қаласының әкімшілік соты оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары