ҰҚК Атырау әкіміне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

/
ҰҚК Атырау әкіміне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуовқа қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен Telegram-арналарда шенеунікті ҰҚК қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда оның пара алды деген күдікке ілінгені айтылған. Сондай-ақ жарияланған мәліметтерде іс бойынша Атырау қаласындағы кәріз желілерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның да қатысы бар екені хабарланған.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Tengrinews.kz ақпаратында.

Тілек Махуов 49 жаста. Атырау қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, ол Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

Әр жылдары Тілек Махуов қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, «Бас жоспар орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің басшысы, «ТМ Проектстрой» ЖШС-нің бас инженері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күрделі жөндеу басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар