Қытай тауларындағы топырақ көшкінінен 21 адам қаза тапты

/
Қытай тауларындағы топырақ көшкінінен 21 адам қаза тапты
Синхуа

Қытай билігі Ганьсу провинциясының Таньчан уезінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады. Табиғи апат салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Луннань қаласы әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Еске салайық, топырақ көшкіні 7 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:56 шамасында Таньчан уезінің Наньхэ кентіне қарасты Жэньцзан ауылында болған. Үйінді астында 33 адам қалған. Оның бесеуі аман-есен құтқарылды.

Оқиғадан кейін апат орнына құтқару жасақтары, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жедел жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін жергілікті билік қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қатысты түпкілікті мәліметті жариялады.

Қазіргі уақытта топырақ көшкінінің шығу себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары