АҚШ-тағы Стони-Брук университетінің Ренессанс медицина мектебінің ғалымдары жылдам жүретін егде жастағы адамдардың ми қызметі ұзақ уақыт бойы жақсы сақталатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Neurology ғылыми журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ғалымдар шамамен 4 мың ересек адамның денсаулығы туралы мәліметтерді талдаған. Нәтижесінде қатарластарымен салыстырғанда жылдамырақ жүретін адамдардың Альцгеймер ауруы мен деменцияға шалдығу қаупі төмен болатыны белгілі болды. Бұл олардың миында жасқа байланысты өзгерістер байқалғанымен, танымдық қабілеттері жақсы сақталатынын көрсеткен.
Зерттеушілер мұндай құбылыстың нақты себебін әзірге анықтай алмаған. Дегенмен олардың пікірінше, негізгі рөлді тұрақты қозғалыс пен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан салауатты өмір салты атқаруы мүмкін. Бұл әсіресе қан тамырларының саулығына оң әсер етіп, мидың қызметін қорғауға көмектеседі.
Ғалымдардың айтуынша, жылдам жүру мидың жақсы күйінің белгісі ме, әлде оны сақтауға ықпал ететін фактор ма – бұл сұраққа қосымша зерттеулер жауап береді.
Соған қарамастан мамандар егде жастағы адамдарға күнделікті серуендеуді әдетке айналдырып, денсаулық жағдайына қарай жүру қарқынын біртіндеп арттыруды ұсынады.