Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 479,26 теңгені құрап, 0,72 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1 шілдеге белгіленген ресми доллар бағамы – 480,72 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 479,98 теңге, сату бағамы – 481,97 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 476 теңгеден сатып алынып, 483 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 480,02 теңгеден сатып алып, 482,02 теңгеден сатуда.
Еске салайық, 15 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,04 теңгеге өсті, 16 маусымда 3,94 теңгеге төмендеді, 17 маусымда 2,16 теңгеге өсті, 18 маусымда 1,5 теңгеге төмендеді, 19 маусымда 0,64 теңгеге өсті, 22 маусымда 1,17 теңгеге төмендеді, 23 маусымда 0,8 теңгеге төмендеді, 24 маусымда 0,86 теңгеге өсті, 25 маусымда 1,49 теңгеге төмендеді, 26 маусымда 1,16 теңгеге өсті, 29 маусымда 0,29 теңгеге төмендеді, ал 30 маусымда 4,54 теңгеге төмендеген болатын.