Ғалымдар маса шаққан жерді неге қасуға болмайтынын түсіндірді

/
Ғалымдар маса шаққан жерді неге қасуға болмайтынын түсіндірді
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар маса шаққан немесе тері тітіркенген жерді қасу неге қышынуды күшейтіп, қабынуды ушықтыратынын анықтады. Зерттеу нәтижесі қышыну мен қасудың бір-бірін күшейтетін тұйық цикл қалыптастыратынын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz medicalxpress.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеу барысында мамандар арнайы тәжірибелер жүргізіп, кейбір тышқандардың тітіркенген жерді қасуына мүмкіндік бермеген. Нәтижесінде терісін қасымаған жануарларда ісіну мен бөртпе әлдеқайда жеңіл өткені байқалған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл процесте негізгі рөлді ағзадағы тучные жасушалар атқарады. Олар тітіркенуге алғашқылардың бірі болып жауап беріп, қышынуды тудыратын гистаминді және микробтармен күресуге көмектесетін басқа да заттарды бөледі.

Ал адам терісін қасыған кезде жеңіл ауырсыну пайда болады. Осы сәтте жүйке жасушалары «субстанция P» деп аталатын затты бөледі. Ол өз кезегінде тучные жасушаларды қайта белсендіріп, қабыну мен қышынуды одан әрі күшейтеді. Осылайша қышыну – қасуға, ал қасу жаңа қышынуға әкелетін тұйық цикл қалыптасады.

Зерттеушілердің пікірінше, қасу эволюциялық тұрғыдан белгілі бір пайда әкелуі мүмкін. Мысалы, ол паразиттерден арылуға көмектескен. Тышқандарға жүргізілген тәжірибеде қасудан кейін терідегі кейбір бактериялардың саны азайғаны байқалған. Алайда бұл әсер терінің зақымдануы мен қабынуының күшеюінен келетін зиянды өтей алмайды.

Мамандар қышыну қатты болмаса, теріні қасымай, арнайы қышынуға қарсы құралдарды қолдануға кеңес береді. Мәселен, ментол қосылған кремдер теріні салқындатып, қышыну сезімін уақытша жеңілдетуге көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары